БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТ – ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Бухгалтерлік есеп пен аудит қаржылық ашықтықты, есептіліктің дұрыстығын және ұйымдардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Сала мамандарының жауапкершілігі мен кәсібилігі ел экономикасының өркендеуіне ықпал етеді.
Saginov Technical University «Өнеркәсіптегі есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша болашақ мамандарды даярлайды. Студенттер қаржылық есеп, аудит және экономикалық талдау бағыттарында білім алып, өндіріс пен бизнесте сұранысқа ие дағдыларды меңгереді.
Университет бухгалтерлер мен аудиторларды, сала ардагерлерін, оқытушыларды, қызметкерлерді, студенттер мен түлектерді кәсіби мерекемен құттықтайды!
Денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!