ALASH GYM ТУРНИРІ: SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY СТУДЕНТІ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ


2026 жылғы 8 қарашада өткен Alash Gym күштік спорт түрлерінен ұйымдастырған турнирде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің МАШ-25-3 (кураторы – Ким Анна Станиславовна) тобының студенті Зейнел Алмаз Жеңісханұлы жоғары нәтиже көрсетіп, төрт бірдей медаль жеңіп алды.

Спортшы 67,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, жасөспірімдер санатында өнер көрсетіп, өзінің күш-қуаты мен спорттық шеберлігін танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша Алмаз келесі жүлделі орындарға ие болды: қатаң әдіспен бицепске көтеру – І орын; экстремалды әдіспен бицепске көтеру – ІІ орын; жатып сығымдап көтеру (көп қайталау) – ІІІ орын; жатып сығымдап көтеруден абсолюттік біріншілік – ІІІ орын.

Төрт медаль – спортшының жүйелі дайындығының, үздіксіз еңбегі мен жеңіске деген жігерінің айқын нәтижесі. Бұл жетістік – студенттің спорттық әлеуетін танытып қана қоймай, университет намысын абыроймен қорғағанының дәлелі.

Зейнел Алмаз Жеңісханұлын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, спорттық жетістіктерімен биік тұғырлардан көріне беруіне тілектеспіз!

Жеңісті жолың жалғаса берсін!

Без рубрики