SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК 300 УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ!


QS Asia University Rankings 2027 халықаралық рейтингінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 10 сатыға жоғарылап, 293-орынға ие болды. Осылайша, Saginov Technical University Азияның үздік 300 университетінің қатарына енді!

Бір жыл ішінде университет 303-орыннан 293-орынға көтеріліп, жалпы рейтингтік балы 40,7-ден 44,3-ке дейін, яғни 8,8%-ға өсті.

Биыл рейтингке Азияның 26 елі мен аумағынан 1722 университет қатысты. QS деректері бойынша, екі жыл қатарынан қатысқан Қазақстанның 44 ЖОО-сының тек 14-і ғана өз позициясын жақсартқан. Олардың қатарында Saginov Technical University де бар.

Университет Қазақстанның 51 жоғары оқу орны арасында 12-орынды иеленіп, Азияның үздік 300 университетіне енген еліміздегі 13 ЖОО-ның бірі атанды.

Бұл жетістік университеттің халықаралық беделін нығайтып, инженерлік білім мен ғылымды дамыту жолындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады!

[/su_custom_gallery]
Без рубрики