Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігіне 35 жыл толуына орай «Поэзия алаңы» атты мәнерлеп өлең оқу байқауы ұйымдастырылды. Әдеби-шығармашылық іс-шара Тау-кен факультетінің «Шамшырақ» жастар шығармашылық ұйымының бастамасымен өтті.
Байқаудың басты мақсаты – студент жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем сөз өнерін дәріптеу, қазақ поэзиясына деген қызығушылықты арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.
Жыр додасында өнерлі студенттер мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетіп, поэзия арқылы туған елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты жеткізе білді. Қатысушылардың шығармашылық ізденісі мен сахна мәдениеті байқаудың мазмұнын байыта түсті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен студенттер анықталып, жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Әділ Аружан, ЦАФ-26-4 тобының студенті – 30 000 теңге.
ІІ орын – Қайрол Жаннұр, МВ-25-1 тобының студенті – 20 000 теңге.
ІІІ орын – Мейрамбек Тоғжан, ЦАФ-26-4 тобының студенті – 10 000 теңге.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталып, олардың шығармашылық жетістіктері жоғары бағаланды.
Іс-шараның өтуіне демеушілік қолдау көрсеткен «Береке Жан» ЖШС-не алғыс білдіреміз! Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау – олардың қабілеттерін шыңдап, жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік беретін маңызды қадам.
«Поэзия алаңы» байқауы студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, университет жастарының рухани-мәдени өмірін жандандыруға, ұлттық әдеби мұраны насихаттауға және жас таланттарды қолдауға бағытталған маңызды шығармашылық алаңға айналды.
Saginov Technical University байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды құттықтап, шығармашылық шабыт, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейді!
[/su_custom_gallery]




