STU СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ


27 қазан мен 1 қараша аралығында Прага қаласында пилон және әуе спорты бойынша World Pole & Aerial Championships 2026 әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 650-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан намысын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің РЭТ-23-2 тобының студенті Амалия Анисимова қорғады.

Амалия «Artistic Aerial Pole» дисциплинасы бойынша 18 жастан асқан әйелдер санатында өнер көрсетіп, әлемнің үздік бес спортшысының қатарына енді!

Студентімізді халықаралық аренадағы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики