STU СТУДЕНТТЕРІ POSTTECH HACKATHON БАЙҚАУЫНДА II ОРЫН АЛДЫ


16–18 қазанда Қарағандыда өткен PostTech Hackathon жарысында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері Иван Луков пен Лариса Карпеченко II орын иеленіп, 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Олар Қазақстандағы мекенжайларды автоматты түрде өңдеп, нақтылауға арналған Jana Locate цифрлық сервисін әзірледі. Жоба интернетсіз де жұмыс істей алады.

Жоба жетекшісі – Виктория Николаевна Головачева.

Студенттерімізді және жетекшісін жетістіктерімен құттықтаймыз!

Без рубрики