STU СТУДЕНТТЕРІ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын МЕТ-25-1 тобының екінші курс студенттері өндірістік практика аясында «Maker» ҚҚМЖЗ ЖШС кәсіпорнында болды.

Металлургия және машина жасау факультетінің «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры Жолдубаева Жумагуль Дюсенбаевна ұйымдастырған экскурсия барысында студенттер құю және машина жасау өндірісінің жұмысымен танысты. Олар заманауи жабдықтардың қолданылуын, технологиялық процестердің ерекшеліктерін және өндірісті ұйымдастыру тәсілдерін көрді.

Сонымен қатар болашақ металлургтер өнім сапасын бақылау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік процестерді автоматтандыру бағыттары бойынша мағлұмат алды. Кәсіпорын мамандары инженерлердің өндірістегі рөлі мен кәсіби жауапкершілігі туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Мұндай тәжірибелік кездесулер студенттердің теориялық білімін нақты өндіріспен ұштастырып, кәсіби дағдыларын дамытуға және болашақ мамандығының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Университет «Maker» ҚҚМЖЗ ЖШС ұжымына ынтымақтастығы мен студенттерге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Без рубрики