«ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ГРАНТ»: ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ


 Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде университет қызметкерлеріне арналған «Әбілқас Сағынов атындағы грант» ғылыми жобаларды қолдау бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Өтінімдер 2026 жылғы 13 қазан мен 13 қараша аралығында қабылданады. Бастаманың негізгі мақсаты – қызметкерлердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, перспективалы ғылыми идеяларды қолдау және университеттің ғылыми әлеуетін дамыту.

2026 жылы төрт ғылыми жобаны қаржыландыру жоспарланған. Әр жобаға бөлінетін қаражат көлемі – 5 000 000 теңге.

Грант қаражатын ғылыми зерттеулерге қажетті жабдықтар, материалдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға, іссапар шығындарын өтеуге, ғылыми мақалаларды жариялауға және әзірлемелерді патенттеуге пайдалануға болады. «Әбілқас Сағынов атындағы грант» ғылыми жобалар конкурсы университет қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға, жаңа ғылыми бастамаларды дамытуға және зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызын арттыруға бағытталған.

Құжаттарды тапсыру тәртібі

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды 2026 жылғы 13 қарашаға дейін қағаз түрінде Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бөліміне (бас корпус, 220-кабинет) тапсыруға немесе электрондық форматта INTP.department@ktu.edu.kz  электрондық поштасына жіберуге болады.

Конкурс талаптары, өтінімдерді рәсімдеу және құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінен алуға болады.

Байланыс ақпараты:

Телефон: 56-68-22 (ішкі нөмірі 22-26)

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін конкурсқа белсенді қатысуға, өзекті ғылыми жобаларын ұсынуға және ғылыми идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін грантты пайдалануға шақырамыз!

Без рубрики