SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY-ДЕ БАСҚАРМАНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


21 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаеваның төрағалығымен Басқарманың кеңейтілген отырысы өтті. Жиынның негізгі күн тәртібінде университет қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері қаралды.
Отырыс барысында университеттің құрылымдық бөлімшелерінің атқарған жұмысы туралы есеп тыңдалды. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің және академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің басшылары жүргізілген мониторинг нәтижелерін таныстырды.
Атап айтқанда, Басқарма қарауына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, мүдделер қақтығысының алдын алуға және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар ұсынылды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.

Басқарма мүшелері айтылған ұсыныстарды ескере отырып, құрылымдық бөлімшелердің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Сонымен қатар университетті басқарудың барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң әрі жүйелі түрде сақтау қажеттігі атап өтілді.
Университет Басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері алдағы уақытта да басым бағыттардың бірі болып қала беретінін және тұрақты бақылауда болатынын растады.

Без рубрики