БІЛІМ МЕН ӨНДІРІС: БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК


2026 жылғы 15 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі мен «Qarmet Machinery» ЖШС арасындағы кәсіби әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды. Тараптар 2026–2029 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Шартқа қол қою рәсіміне университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Рақышұлы Нүсіпбеков, Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Нұрбибі Абсадыққызы Смағұлова, сондай-ақ «Qarmet Machinery» ЖШС мен «Qarmet» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысқан кәсіпорын өкілдері:

Омарханов Габит Тельманович – «Qarmet Machinery» ЖШС бас директоры;

Гмыря Мария Зафаровна – студенттермен және білім беру ұйымдарымен жұмыс жөніндегі менеджер;

Зияшева Айжан Канатовна – «Qarmet» АҚ персоналды оқыту, дамыту және іріктеу жөніндегі директоры;

Хамзабаев Асет Аралович – «Qarmet Machinery» ЖШС персоналды басқару бөлімінің бастығы;

Игембаев Алмас Базарбаевич – персоналды іріктеу жөніндегі инженер.

Жас мамандарды даярлауда білім беру мен өндірістің өзара байланысы ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда, жасалған келісім студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға және кәсіби дағдыларын нақты өндірістік ортада дамытуға мүмкіндік береді.

Серіктестік аясында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне, кәсіпорын қызметімен және заманауи технологиялармен танысуына, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді меңгеруіне қолайлы жағдай қалыптастыру көзделеді. Бұл өз кезегінде түлектердің кәсіби қалыптасуына және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді.

Білім мен өндіріс арасындағы тиімді әріптестік – бәсекеге қабілетті маман даярлаудың маңызды тетігі. Университет пен кәсіпорын арасындағы бұл ынтымақтастықтың жаңа бастамаларға жол ашып, нақты нәтижелерге ұласатынына сенім білдіреміз!

Без рубрики