Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2027 жылға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялады.
Ғылыми жобаларды іске асыру мерзімі – 36 ай. 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама жас зерттеушілерге ғылыми идеяларын жүзеге асыруға, кәсіби құзыреттерін дамытуға және ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға мүмкіндік береді. Конкурсқа 44 жасқа дейінгі ғалымдар, оның ішінде докторантураны аяқтағанымен, әлі ғылыми дәрежесін алмаған зерттеушілер де қатыса алады.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдары жыл сайын орта есеппен 7–8 өтінім беріп, олардың 4–5-еуі гранттық қолдауға ие болады.
«Жас ғалым» жобаларының нәтижесінде университеттің бірқатар жас зерттеушілері докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Олардың қатарында:
Ковалева Т.В. – «Металлургия және жаңа материалдар»кафедрасы; Балпанова М.Ж. – «Геология және пайдалы қазбалар кең орындарын барлау» кафедрасы; Ким А.С. – «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы; Бузяков Р.Р. – «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасы; Муканова А.К. –ҚХА және ӘГП» кафедрасы.
Бағдарлама халықаралық ғылыми тәжірибе алмасуға және кәсіби дамуға да жол ашады. Алғашқы конкурстың жеңімпазы, «Геология және пайдалы қазбалар кең орындарын барлау» кафедрасының өкілі Маусымбаева А.Д. «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-та 12 айлық ғылыми тағылымдамадан өтті. Осындай мүмкіндікке «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының өкілдері Халикова Э.Р. мен Жумабекова А.Е., сондай-ақ Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының өкілі Сарсембеков Б.К. ие болды.
Бағдарламаға қатысу жас ғалымдардың ғылыми қызметін жаңа деңгейге көтеріп, ауқымды зерттеулерге жол ашады. Бұған дейін «Жас ғалым» жобаларына жетекшілік еткен «Пайдалы қазбалар кен орындарын өндіру» кафедрасының өкілдері Матаев А.К. мен Халикова Э.Р. бүгінде жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған жобаларды басқарып отыр. Ал осы кафедраның өкілдері Суимбаева А.М. мен Мусин А.А. ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың жалпы конкурсының нәтижесінде қаржыландыруға ие болған жобаларға жетекшілік етеді.
Бағдарлама жас зерттеушілердің кәсіби жетістіктерінің танылуына да ықпал етеді. Атап айтқанда, Суимбаева А.М. талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды. Ал Мадишева Р.К., Маусымбаева А.Д., Матаев А.К. және Мусин А.А. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.
«Жас ғалым» жобасы – ғылыми мансапты дамытуға, докторлық диссертацияларды қорғауға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және перспективалы зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды бастама.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жас ғалымдарды конкурсқа қатысуға және ғылыми әлеуетін дамыту үшін мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін пайдалануға шақырады.
Конкурсқа қатысу, қажетті құжаттарды дайындау және өтінім беру мәселелері бойынша жас ғалымдар Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінен кеңес ала алады.
Мекенжайы: университеттің бас корпусы Кабинет: № 226 Телефон: 56-68-22 Ішкі телефон: 22-26 Электрондық пошта: INTP.department@ktu.edu.kz
Жас ғалымдарды «Жас ғалым» бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру мүмкіндігін тиімді пайдаланып, ғылыми бастамаларын жүзеге асыруға және жаңа зерттеулерге жол ашуға шақырамыз!