Биология саласындағы біліміңді шыңдап, халықаралық олимпиадада өз мүмкіндігіңді көрсеткің келе ме? Онда BIBO 2026 – сен үшін тамаша мүмкіндік!
9–13 желтоқсан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында Әбу Райхан Беруни атындағы халықаралық биология олимпиадасы өтеді. Оған бакалавриат студенттері қатыса алады.
Бұл – теориялық біліміңді сынап қана қоймай, өзге елдердің студенттерімен тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми ортада өзіңді танытуға мүмкіндік.
Қатысу шарттары мен тіркелу тәртібі туралы толық ақпарат – карусельде!