7–8 қазанда Астанада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) мен «Қазпатент» бірлесіп ұйымдастырған патенттік іздеу және Қазақстандағы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарын дамыту мәселелеріне арналған халықаралық семинар өтті. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің атынан іс-шараға Коммерцияландыру офисінің жетекшісі Гаухар Сейткасымова мен Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының үйлестірушісі Әсемгүл Искакова қатысты. Семинарға халықаралық сарапшылар мен Қазақстандағы 43 орталықтың үйлестірушілері жиналды. Қатысушылар ASPI, PATENTSCOPE және Derwent дерекқорларында патенттік іздеу жүргізу тәжірибесін меңгеріп, инновациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстелде университет өкілдері ғылыми зерттеулерді қолдаудағы орталықтың рөлі туралы баяндама жасады. Іс-шара халықаралық тәжірибе алмасуға және университеттегі патенттік зерттеулерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.