Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 3 қазандағы Жарлығымен елімізде цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы жаңартылды.
Комиссия құрамына Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлегі Мұрат Ғалиасқарұлы Қожанов енді.
Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Цифрландыру және инновациялар институтының директоры қызметін атқарады.
Мұрат Ғалиасқарұлы кәсіби еңбек жолының маңызды кезеңдерін өзі білім алған университетпен байланыстырған. Әр жылдары цифрландыру, ақпараттық технологиялар және ғылыми-білім беру бағыттарында басшылық қызметтер атқарды.
Университет ұжымы Мұрат Ғалиасқарұлын осынау маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Еліміздің цифрлық дамуына бағытталған жауапты қызметіне табыс, жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!