УНИВЕРСИТЕТТЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ


6–9 қазан аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде бірінші курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына арналған кездесулер ұйымдастырылды.

Іс-шараларға академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында студенттерге университеттің білім беру жүйесі, оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібі, білім сапасын қамтамасыз ету тетіктері мен қолжетімді оқу ресурстары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ бірінші курс студенттерінің жаңа академиялық ортаға бейімделуі, университет өміріне араласуы және өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жиынның маңызды бағыттарының бірі – академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Ашық диалог барысында қатысушылар нақты жағдайлар мен тәжірибелік мысалдарды талдап, білім беру ортасындағы адалдық, әділдік және жауапкершілік мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мұндай кездесулер студенттердің университет өміріне бейімделуіне, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы ашық байланысты нығайтуға және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Без рубрики