Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 34 білім алушысы бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы бойынша мемлекеттік грант иегері атанды.
Бос білім беру гранттары 2025-2026 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы негізінде конкурстық тәртіппен тағайындалды.
Мемлекеттік гранттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығымен бекітілген қағидалардың 23-тармағына және 2026 жылғы 2 қазандағы №474 бұйрығына сәйкес берілді.
Білім алушыларымызды мемлекеттік білім беру грантын иеленуімен құттықтаймыз!