Байқауға Қарағанды облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өздерінің антикоррупциялық бастамаларын шығармашылық немесе цифрлық форматта ұсына алады.
Жобалар үш бағыт бойынша қабылданады:
• бейнеролик / әлеуметтік жарнама; • плакат / инфографика; • IT-шешім — мобильді қосымша, веб-сайт, Telegram-бот, оқыту ойыны, интерактивті платформа және басқа да цифрлық жобалар.
Өтінімдер 2026 жылғы 5–21 қазан аралығында қабылданады.
Әр бағыт бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлық қарастырылған: I орын — 70 000 теңге II орын — 60 000 теңге
III орын — 50 000 теңге
Байқауды Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырады.
E-mail: jastarjastarga2026@gmail.com Байқау ережесін алу үшін: +7 777 485 5690