Saginov Technical University-дің 2026–2027 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары Әлихан Бөкейхан ауданындағы мектептерден басталды.
Жаңа оқу жылындағы алғашқы кәсіптік бағдар беру жұмыстары ауданның 20-ға жуық мектебін қамтыды. Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің мамандары жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, білім алудың мүмкіндіктері мен университетке түсу жолдары туралы кеңінен ақпарат берді. Жалпы кездесулерге 700-ден астам білім алушы қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға университетте және колледжде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері, студенттерге арналған жағдайлар, университеттің қоғамдық және студенттік өмірі туралы айтылды. Сонымен қатар талапкерлердің сұрақтарына жауап беріліп, мамандық таңдауға қатысты кеңестер берілді.
Кәсіптік бағдар беру кездесулері барысында мектептермен өзара ынтымақтастықты дамытуға да ерекше назар аударылды. Бірқатар білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жоспарлар талқыланды.
Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, жоғары оқу орны туралы толық ақпарат алуға және өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Saginov Technical University алдағы уақытта да Қарағанды қаласының мектептерімен кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, талапкерлермен кездесулер, ақпараттық іс-шаралар және бірлескен жобалар ұйымдастырады.
Кәсіптік бағдар беру мамандары: +7 (700) 59-59-259 +7 (700) 395-65-09 +7 (700) 81-32-032 WhatsApp: +7 771 031 0210
Қабылдау комиссиясы: +7 775 212 6685 8 (7212) 56-44-22
Мекенжай: Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 56, 324 каб.