Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұжымы барша ұстаздарды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкірттің тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін, оның қабілетін ашып, болашаққа деген сенімін нығайтатын ерекше мамандық иесі.
Бүгінгі қоғамның интеллектуалдық әлеуеті, ғылым мен білімнің дамуы, білікті мамандардың қалыптасуы – ұстаздардың күнделікті табанды еңбегі мен кәсіби жауапкершілігінің нәтижесі.
Сіздердің білім мен тәрбие жолындағы адал қызметтеріңіз, шәкіртке деген жанашырлықтарыңыз бен ізденістеріңіз әрдайым жоғары құрметке лайық.
Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Шәкірттеріңіздің биік белестері еңбектеріңіздің ең үлкен жемісі болсын!
Ұстаздар күні құтты болсын!