2 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ.


Құрметті әріптестер!

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұжымы барша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды!

Бұл – жас ұрпаққа кәсіби бағдар беріп, олардың мамандық игеруіне, еңбек дағдыларын қалыптастыруына және өз жолын табуына үлес қосып жүрген ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлеріне, тәлімгерлер мен сала мамандарына көрсетілетін құрметтің белгісі.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өнеркәсіп, IT, құрылыс, көлік және басқа да маңызды салалар үшін білікті мамандар даярлап келеді.

Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, жаңа кәсіби жетістіктер мен шәкірттеріңіздің биік нәтижелерін тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Без рубрики