SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY-ДЕ 4-КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР АЯҚТАЛДЫ


1 қазанда Saginov Technical University-де 4-курс студенттерімен жоспарлы кездесулер аяқталды.

Бүгінгі қорытынды кездесуге Тау-кен факультеті, Көлік, логистика және инженерлік экономика факультеті, Металлургия және машина жасау факультетінен барлығы 468 студент қатысты.

Кездесуге Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Рақышұлы Нүсіпбеков, Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қобыландыұлы Қалықов, сондай-ақ аталған факультеттердің декандары қатысты.

Жиын барысында оқу үдерісін ұйымдастыру, академиялық саясат пен академиялық адалдық талаптарын сақтау, университеттің ішкі тәртіп ережелері және білім алушыларды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар студенттерге жұмысқа орналасу, магистратурада білімін жалғастыру және алдағы кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауапты мамандардан қажетті түсіндірмелер алды.

Без рубрики