Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қызметкерлері Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Государственные услуги РК
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының қызметкері Оспанғалиева Мендикуль Тулеутаевна және Жастар саясаты департаментінің қызметкері Әбілқасымқызы Ботакөз жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі табысты еңбегі және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін марапатқа ие болды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Олардың еңбегі, кәсібилігі мен белсенділігі – университетіміз үшін мақтаныш. Жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!