ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, ҒАЛЫМДАР, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ АРДАГЕРЛЕРІ!


 

Директорлар кеңесінің атынан және өз атымнан сіздерді Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Жоғары білім әр уақытта қоғам дамуының, елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастырудың және қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап беруге, жаңа білім қалыптастыруға және болашақты айқындауға қабілетті ұрпақ даярлаудың негізгі факторларының бірі болған және болып қала береді.

Университеттің осы міндеттерді шешуге қосқан лайықты үлесі – ортақ құндылықтар мен игі мақсаттарға жетуге деген ұмтылыспен біріккен бүкіл ұжымның күнделікті еңбегінің нәтижесі. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, зор жауапкершіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз университет жетістіктерінің негізі болып, ғылымды дамытуға, білім сапасын арттыруға және жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.

Барша ұжымға зор денсаулық, амандық, жаңа кәсіби жетістіктер мен толағай табыс тілеймін!

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды

техникалық университеті» КеАҚ 

Директорлар кеңесінің төрағасы 

А.М. Байменов

Без рубрики