29 қыркүйекте Тау-кен, Сәулет-құрылыс және Ақпараттық технологиялар факультеттерінің бітіруші курс студенттеріне арналған іс-шара өтті. Кездесуге аталған факультеттерден 700-ге жуық білім алушы қатысты.
Жиын барысында Академиялық саясат талаптарына сәйкес оқу процесін ұйымдастыру, білім алушылардың өзекті мәселелерін шешу жолдары, университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, профессор Бекболат Рақышұлы, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қобыландыұлы, құрылымдық бөлім басшылары мен факультет декандары қатысты.
Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы бітіруші студенттерге еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, жұмысқа орналасу бағыттары және алдағы жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, 20 қазан күні ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі таныстырылып, студенттерді аталған шараға белсенді қатысуға шақырды.
Маркетинг және PR департаменті мен Қабылдау комиссиясының мамандары білім алушыларға жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейінгі кәсіби мүмкіндіктер, екінші жоғары білім алу және магистратурада оқуын жалғастыру жолдары жөнінде түсіндірме ақпарат ұсынды.
Іс-шара соңында білім алушылар өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, жауапты мамандардан қажетті ақпарат пен түсіндірмелер алды.