SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY СТУДЕНТІ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!


Италияның Пезаро қаласында өткен спорттық акробатикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қарағанды спортшылары Жеңіс Диас пен Дилара Байбақұшева күміс жүлдеге ие болды. Әлемдік додаға 30 елден 200-ден астам спортшы қатысты.

Жеңіс Диас – Saginov Technical University Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің СтСС-26-2 тобының студенті. Жеңіс пен Дилара бұған дейін де жұптық бағдарламада Қазақстан және Азия чемпиондары атанған.

Әлем чемпионатындағы күміс медаль – спортшылардың табандылығы, шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің жарқын нәтижесі.

Жеңіс Диас пен Дилара Байбақұшеваны жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Алда жаңа жеңістер, биік белестер мен жарқын спорттық жетістіктер тілейміз!

Без рубрики