Бүгін Saginov Technical University-де жастардың технологиялық кәсіпкерлігін дамыту және перспективалы стартап-жобаларды қолдау мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті. Кездесуді Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Данияр Тоқанұлы Тоқанов ұйымдастырды.
Кездесуге қазақстандық 4sell.ai AI-стартапының CEO-сы әрі тең құрылтайшысы, IT, жасанды интеллект және технологиялық бизнесті дамыту саласының маманы Роман Белопольский, «Grand Construction LTD» ЖШС негізін қалаушы, Star Building компаниялар тобының басшысы, өнеркәсіптік құрылыс және жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкциялар саласының сарапшысы Рудольф Валентинович Сукут, Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы А.А. Калинин және «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының профессоры О.Т. Балабаев қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы – «Saiga Startup Arena» республикалық стартап-жобалар байқауын ұйымдастыру және өткізу. Тараптар байқаудың форматын, бизнес-қоғамдастық, IT-индустрия, құрылыс саласы өкілдері мен инвесторларды тарту, сондай-ақ жас кәсіпкерлерге тәжірибелі мамандармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беру мәселелерін қарастырды.
«Saiga Startup Arena» жас әзірлеушілер мен студенттік стартаптарға өз идеяларын таныстыруға, кәсіби кері байланыс алуға, әлеуетті серіктестер мен инвесторлар табуға мүмкіндік беретін алаңға айналмақ.
Байқауды университет базасында өткізу студенттік кәсіпкерлікті дамытуға, инновациялық ортаны қалыптастыруға және университет, бизнес пен технологиялық қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.