21 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлықты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шараларын мониторингтеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Мемлекеттік сатып алу бөлімі мен Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәселелері қаралды. Атап айтқанда, мониторингтің мазмұны, оның алға қойылған мақсаттарға сәйкестігі және осы бағыттағы жұмыстың тиімділігі талқыланды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы №311-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында қабылданған жаңа нормаларды ескере отырып, мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелерін қарастыру ұсынылды.
Жұмыс тобының жетекшісі, университет аппаратының басшысы А.З. Исагулов университет Басқармасы бекіткен Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру регламентінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау және бақылау рәсімдері көзделгенін атап өтті.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері университет басшылығының тұрақты бақылауында.