SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY ОҚЫТУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ


Saginov Technical University оқытушысы Рахат Искаков ардагерлер арасындағы дзюдодан Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Дүбірлі дода 21 қыркүйекте Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында өтті. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы Қазақстан намысын абыроймен қорғап, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Рахат Искаков – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ самбо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері.

Халықаралық аренадағы бұл нәтиже – спортшының мол тәжірибесі, шеберлігі мен табандылығының жемісі.

Әріптесіміз Рахат Искаковты Әлем чемпионатының күміс жүлдесімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Без рубрики