SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY-ДЕ FULBRIGHT БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА


Университетке Fulbright English Teaching Assistant бағдарламасы бойынша АҚШ-тан келген София Кункел 2026–2027 оқу жылында академиялық ортада ағылшын тілін қолдану тәжірибесін кеңейтуге бағытталған жұмыс жүргізеді.

Халықаралық бағдарлама аясындағы бұл бастама университеттегі тілдік ортаны дамытуға, мәдениетаралық коммуникацияны нығайтуға және білім алушылар мен қызметкерлер үшін ағылшын тілін күнделікті қарым-қатынаста қолдануға қосымша мүмкіндік береді.

София Кункел Hollins University түлегі. Ол Қазақстанда Fulbright U.S. Student Program гранты аясында жұмыс істейді.

Сабақтардың форматы, кестесі және байланыс ақпараты карусельде көрсетілген.

Без рубрики