«БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІ – 2026» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ


Saginov Technical University-де 1-курс студенттері арасында дәстүрлі факультетаралық «Бірінші курс студенті – 2026» спартакиадасының ашылу салтанаты өтеді.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық белсенділікті арттыру, командалық рухты қалыптастыру, сондай-ақ факультеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықты нығайту.

24 қыркүйек 2026 жыл

15:30

STU спорт кешені

Спартакиада аясындағы спорттық жарыстар 24 қыркүйек – 31 қазан 2026 жыл аралығында өтеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жоғары спорттық нәтиже, тартысты әрі әділ бәсеке және жарқын жеңістер тілейміз!

[/su_custom_gallery][/su_custom_gallery]
Без рубрики