Құрметті серіктестер!
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті инженерлік білім мен ғылымды дамытуға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға, жаңа технологияларды енгізуге, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға, цифрлық трансформацияға, университеттің, Қарағанды өңірінің және Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған бастамалар арқылы ынтымақтастыққа шақырады.
Электрондық нысан арқылы бірлескен жобаларды, ғылыми зерттеулерді, білім беру бағдарламаларын, технологиялық шешімдерді, әлеуметтік және экологиялық бастамаларды, университет инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ұсыныстарды және өзара тиімді ынтымақтастықтың өзге де нысандарын ұсынуға болады.
Бастаманы ұсыну университет үшін оны іске асыруға, қаржыландыруға немесе шарт жасасуға міндеттеме жүктемейді. Шешім бастаманы сараптамалық, құқықтық, қаржылық және өзге де қажетті бағалау нәтижелері бойынша қабылданады.
Университеттің, өңірдің және қоғамның дамуына бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асырайық!