«Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдары базасында құзырет орталықтарын құру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 574 бұйрығын орындау мақсатында және Директорлар кеңесінің 10.09.2025 ж. шешімімен бекітілген «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ ұйымдық құрылымына сәйкес, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Кәсіби даму орталығына 2025 жылғы 14 қазандағы № 256ЛСК бұйрығына сәйкес «КДО қызметінің бағыттары бойынша басшылықты бекіту және 2018 жылғы 11 мамырдағы № 380/1 бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы» қызметтің келесі бағыттары бойынша басшылық бекітілді:
Ғылыми-білім беру және цифрлық технологиялар:
- Инновациялық технологиялар колледжі;
- Машина жасау және металлургияның озық технологиялар мектебі;
- «IT құзыреттер орталығы;
- «Энергетикадағы сандық технологиялар» ҒБбК;
Инженерлік жүйелер және автоматтандыру:
- Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ» уәкілетті оқу орталығы – Schneider-Electric» («Schneider-Electric» корпорациясымен бірлесіп (Франция) — «Mitsubishi Electric — Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ» оқыту орталығы («Mitsubishi» корпорациясымен бірлесіп (Жапония)
Өндірістік технологиялар және жұмысшы мамандықтар:
- Оқу-өндірістік шеберхана (токарлық-фрезерлік цех);
- Жұмысшы мамандықтар орталығы Көлік техникасы