«Мектепке жол»: игі дәстүр жалғасын тапты


«Мектепке жол»: игі дәстүр жалғасын тапты

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы көпбалалы отбасыларға және бірінші сыныпқа баратын балаларды тәрбиелеп отырған аналарға қаржылай қолдау көрсетті.

Көрсетілген көмектің жалпы көлемі 1 млн 760 мың теңгені құрады.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жасалған мұндай игі бастама – балаларға қажетті қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың мектеп табалдырығын көтеріңкі көңіл күймен әрі сеніммен аттауына мүмкіндік беретін жақсы дәстүр.

Әр балаға жаңа оқу жылында сәттілік, білімге құштарлық пен жарқын жетістіктер тілейміз!

 

 

 

Без рубрики