«Мектепке жол»: университет қауымдастығы 21 балаға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсетті


«Мектепке жол»: университет қауымдастығы 21 балаға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсетті

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілікке негізделген игі бастамалар дәстүрлі түрде жалғасып келеді.

2026 жылғы 5–25 тамыз аралығында университеттің «Жас Орда» жастар қауымдастығы жанындағы «Aqniet» жастар қайырымдылық ұйымы жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Биылғы акция аясында 13 отбасындағы 21 балаға жаңа оқу жылына қажетті көмек көрсетілді. Балаларға мектеп рюкзактары, кеңсе және оқу құралдары, сондай-ақ мектеп формасына арналған бантиктер мен галстуктер табысталды. Қайырымдылық мақсатында жиналған қаражат көлемі шамамен 100 мың теңгені құрады.

«Мектепке жол» – балаларды оқу жылына қажетті заттармен қамтамасыз етуге бағытталған шара ғана емес. Бұл – университет қауымдастығын ортақ ізгі мақсат төңірегіне біріктіріп, жанашырлық, өзара қолдау және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптейтін маңызды әлеуметтік бастама.

Акцияға университеттің әртүрлі факультеттері мен кафедраларының оқытушылары, кураторлары, студенттері мен түлектері белсенді атсалысты.

Ақпараттық технологиялар факультетінен ИВС кафедрасының өкілдері Н.И. Томилова, Г.Ж. Алина және СТ-24-1 тобының кураторы Медғат Мұратұлы Мусаев қолдау көрсетті.

Тау-кен факультетінің «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасынан М.Ж. Какенова, А.Ж. Ахметова, А.Д. Нургалиева, С.Р. Иранғаип, К.К. Сакитаева, Д.С. Сыздықбаева, Г.С. Саттарова игі бастамаға үлес қосты.

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасынан А.В. Михнев, Е.В. Кайгородова, Е.В. Ситникова, Е.А. Олейникова, Р.Р. Ханнанов, М.С. Тутанова, К.Т. Умиртасова, А.М. Капшук, В.В. Казанцева, С.П. Оленюк, Ж. Алданыш, Ж.М. Батыршаева, Н.А. Вишневская, В.Н. Долгоносов, О.В. Старостина, Р.Н. Джамантыкова, А.Е. Касымжанова, А.С. Бахтыбаева, А.К. Сатбергенова, Д.К. Жумадилова, Г.Е. Жунусова, С.Т. Омаров, Т.В. Шлапак, Н.Ф. Низаметдинов, А.Б. Рымқұлова, М.Б. Игемберлина қатысты.

Көлік логистикасы және инженерлік экономика факультетінен «Кәсіпорын экономикасы және менеджмент» кафедрасының кураторы Ж.Б. Кошмаганбетова мен Э-25-1каз тобы акцияға қолдау білдірді.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасының кураторлары А.Т. Оралова (БТ-24-1), М.Е. Жақсыбаева (БТ-25-1), С.Н. Дербуш (БТ-25-3), сондай-ақ А. Амирхан, Г.К. Қабылбекова, А. Карилхан, К. Мукархан, К.Т. Акимжанова және А.А. Жорабек қайырымдылық бастамаға өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар акцияға Әскери кафедраның запастағы майоры М.М. Ашимов, «Кәсіпорын экономикасы және менеджмент» кафедрасының доценті Айгерім Аманбайқызы Шаметова, сондай-ақ Сәулет-құрылыс факультеті, Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультеті, Металлургия және машина жасау факультетінің өкілдері атсалысты.

Осындай ортақ бастамалар университет өміріндегі әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін нығайтып, студенттер мен оқытушыларды ізгілік пен қамқорлық жолында біріктіреді.

Әрбір көрсетілген қолдау – балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен, сеніммен және қажетті оқу құралдарымен бастауына қосылған нақты үлес.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Мектепке жол» акциясына атсалысқан барша оқытушыларға, кураторларға, студенттерге, түлектерге және құрылымдық бөлімшелерге алғыс білдіреді. Бірлікпен жасалған игі іс – қоғамдағы мейірім мен өзара қолдаудың жарқын көрінісі.

[/su_custom_gallery][/su_custom_gallery]

 

Без рубрики