ҚҰРМЕТТІ КЕНШІЛЕР, ТАУ-КЕН САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР!


 

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз — Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Қарағанды өңірі үшін бұл мерекенің орны ерекше. Тау-кен өндірісі аймақтың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосып, бірнеше буын өкілдерінің еңбек жолына айналды. Ал кенші мамандығы қашанда қажырлы еңбектің, ерлік пен табандылықтың, жауапкершілік пен жоғары кәсіби шеберліктің символы болып келеді.

Бүгінде тау-кен өнеркәсібі заманауи технологиялар, инновациялық әзірлемелер мен озық инженерлік шешімдер енгізіліп жатқан стратегиялық маңызды салалардың бірі. Білікті мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту, білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайту — университетіміз қызметінің маңызды бағыттары.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тарихы тау-кен саласымен тығыз байланысты. Университет қабырғасынан түлеп ұшқан мыңдаған маман бүгінде еліміздің кәсіпорындарында табысты еңбек етіп, Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Тау-кен саласына білікті мамандар даярлап, ғылыми зерттеулер жүргізіп, жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеп, университет пен өндіріс арасындағы байланысты нығайту жолында еңбек етіп жүрген оқытушыларымызға, ғалымдарымыз бен мамандарымызға ерекше алғыс білдіреміз.

Осы мерекеде барша кеншілерге, сала ардагерлеріне және тау-кен өнеркәсібінің дамуына үлес қосып жүрген әріптестерімізге қажырлы еңбектері, жоғары кәсібилігі мен салаға қосқан үлестері үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, қауіпсіз еңбек, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Кеншілер күні құтты болсын!

 

Без рубрики