Университетке енді ғана қадам басқан студент үшін жаңа орта, жаңа адамдар мен жаңа ережелер – бәрі қызық әрі бейтаныс.
Сол себепті 1-курс студенттеріне арнап STU ГАЙД дайындадық.
Бүгін Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басшылық құрамы мен факультет декандарын таныстырамыз.
6 факультет, түрлі бағыт, бір мақсат – сапалы білім беру және білікті мамандар даярлау.
Карусельді парақтап, университет басшылығымен жақынырақ танысып, кімнің қандай бағытқа жауапты екенін біліңіз!
Алдағы уақытта STU ГАЙД рубрикасының жаңа бөлімдері жарық көріп, университет өміріне қатысты пайдалы ақпараттар, маңызды кеңестер мен қажетті мәліметтермен бөлісетін боламыз.
Жаңа бөлімдерді жіберіп алмау үшін бізбен бірге болыңыздар!
Болашағыңызды бізбен бірге құрыңыз!





