Мемлекеттік грантқа іліге алмадыңыз ба? Бұл — университет студенті болуға жол жабылды деген сөз емес!
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қолдау мақсатында Ректор грантын ұсынады.
Кімдер Ректор грантына үміткер бола алады?
— Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысып, грант иегері болмаған талапкерлер;
— ҰБТ нәтижесі бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер.
Іріктеу қалай өтеді?
Ректор грантына үміткерлер арасында университеттің ішкі конкурсы өткізіледі.
Конкурсқа ҰБТ-ның 5 пәні бойынша жалпы 100 және одан жоғары балл жинаған, бірақ мемлекеттік білім беру грантына ие болмаған талапкерлер қатыса алады.
Конкурс қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен талапкерге Ректор гранты беріледі.
Бұл – жоғары балл жинаған, алайда мемлекеттік грант конкурсында грант иегері атана алмаған талапкерлер үшін ҚарТУ студенті болудың тағы бір мүмкіндігі!
Біліміңе сен! Мүмкіндігіңді жіберіп алма!
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті — сапалы білім, заманауи технология және болашаққа бастар жол!
Ректор гранты бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан біле аласыз:
+7 (775) 212-66-85
+7 (700) 595-92-59
8 (7212) 56-44-22
Мекенжай: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1