Университет өкілдері Қытайдағы халықаралық жазғы мектепке қатысты


2026 жылғы 4–18 шілде аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері мен магистранты Чэнду қаласында өткен «Коммерциялық ұшқышсыз ұшу аппараттары бағдарламасы» халықаралық жазғы мектебіне қатысты.

University of Electronic Science and Technology of China базасында ұйымдастырылған бағдарламаға аға оқытушы В.Ф. Ярцева жетекшілік етті. Университет атынан Андрей Васильев, Даниил Мун, Дмитрий Фроляк және Маржан Жанибек қатысты.

Екі апта ішінде қатысушылар коммерциялық ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы білімдерін жетілдіріп, халықаралық командалармен тәжірибе алмасты және Қытай мәдениетімен танысты.

Без рубрики