Құжаттарды 20 шілдеге дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн, сондай-ақ eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова хабарлады.
Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер жеке куәлігін, ҰБТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі фотосуретін, білім туралы құжатын, сондай-ақ жеңілдік санаттары бойынша конкурсқа қатысу құқығын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) ұсынуы қажет.
«2026-2027 оқу жылына 89 мың грант бөлінген. Оның 75 мыңы жоғары білім, бакалавриат деңгейіне арналған. Гранттардың 60%-ға жуығы инженерлік бағыт бойынша, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға беріледі. Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін жарияланады», – деді спикер баспасөз конференциясында.
