Білімге салынған инвестиция: KAZENERGY оқу ақысын төлеуге арналған гранттар байқауын жариялады


Saginov Technical University студенттері мен талапкерлері үшін жоғары білім алуға қаржылай қолдау көрсететін тағы бір мүмкіндік ашылмақ. 2026 жылғы 25 шілдеден бастап KAZENERGY қауымдастығы оқу ақысын төлеуге арналған білім беру гранттарына өтінім қабылдауды бастайды.

Бағдарлама NCOC N.V. және KPO B.V. компаниялары бөлетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. Гранттар барлық мамандықтарға емес, KAZENERGY бекіткен сұранысқа ие жоғары білім беру бағыттары бойынша оқуға түскен немесе білім алып жүрген азаматтарға беріледі.

Өтінім қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 25 шілде мен 31 тамыз аралығы.

Байқауға қатысу талаптары, грант қарастырылған білім беру бағыттары және қажетті құжаттардың толық тізімі KAZENERGY қауымдастығының ресми сайтында жарияланған.

Толығырақ:
https://www.kazenergy.com/ru/operation/the-development-of-human-capital/191/3912/

Байланыс телефоны:
+7 (7172) 79-49-75

Электрондық пошта:
candidate@kazenergy.com

 

Без рубрики