Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!


Бүгін, 13 шілдеде, мемлекеттік білім беру гранты конкурсына құжат қабылдау басталды. Құжаттар 20 шілдеге дейін қабылданады.

Қабылдау науқанының басталуына орай Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде қабылдау комиссиясының жұмысына арналған семинар-кеңес өтті. Жиынға Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Рақышұлы Нүсіпбеков пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өкілдері қатысты.

Кездесуде құжат қабылдау талаптары, талапкерлердің мәліметтерін дұрыс енгізу, министрліктің нормативтік құжаттарын сақтау, сондай-ақ қабылдау үдерісінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бекболат Рақышұлы құжат тапсыру кезеңі талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін аса жауапты әрі эмоционалдық тұрғыдан маңызды кезең екенін атап өтті. Осыған байланысты қабылдау комиссиясы қызметкерлерінің әрбір өтінішке мұқият қарап, талапкерлерге толық әрі нақты ақпарат беруі маңызды екенін атап өтті.

 

Без рубрики