Saginov Technical University-де әскери кафедра студенттерінің әскери-оқу практикасын аяқтауына арналған салтанатты рәсім өтті.
Бұл күн болашақ запастағы офицерлер үшін жауапты кезеңнің қорытындысы болды. Әскери дайындық, саптық машық, тәжірибелік сабақтар мен тәртіпке негізделген оқу кезеңінен өткен студенттерге әскери кафедраны аяқтағаны туралы куәліктер табысталды.
Салтанатты жиында Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, полковник Марат Аймағамбетов сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ ата-аналар мен түлектер атынан құттықтау лебіздері айтылды.
Үздік студенттер ректордың және әскери кафедра бастығының құрмет грамоталарымен марапатталды. Ерекше көзге түскен түлектердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.
Рәсім студенттердің көрсетілімдік өнерімен, әнмен саптық жүрісімен және салтанатты шерумен түйінделді. Бұл күн әскери кафедра түлектерінің жинақылығын, жауапкершілігін және Отанға қызмет етуге дайындығын айқын көрсетті.



















