Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында факультеттерде қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселесі қаралды. Аталған бағыт бойынша факультет декандары баяндама жасап, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және білім алушыларға ұсынылатын академиялық мүмкіндіктерді ұлғайту жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, кафедраларды кәсіби практиканы ұйымдастыруға дайындау мәселесі қарастырылды. Талқылау барысында білім беру үдерісінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасау және практикалық даярлықтың сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға назар аударылды. Осыған байланысты кафедра меңгерушілеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Кеңес отырысында жоспардан тыс оқу әдебиеттерін басып шығаруға қатысты ұсынымдар қаралып, оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Күн тәртібіне сәйкес «ӨПА», «КЭМ», «ХжХТ», «АжД», «ӨК», «КТжЛЖ» кафедраларының меңгерушілері жаңа білім беру бағдарламаларын ашу жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Ұсынылған материалдар жан-жақты қарастырылып, Ғылыми кеңестің қарауына және бекітуіне ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған материалдар мен бастамалар мақұлданып, белгіленген тәртіпке сәйкес одан әрі қарауға жолданды.


