Saginov Technical University-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесу «Конституция – жаңа мемлекеттіліктің ғылыми негізі: тарихи сабақтастық, құқықтық тетіктер және болашақтың стратегиялық бағыттары» тақырыбына арналды.
Іс-шараны «Қазақстан халқы Ассамблеясы және қоғамдық ғылымдар» кафедрасы ұйымдастырып, оған «Қазақстан тарихы» және «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедралары қатысты.
Дөңгелек үстелдің ашылуында Басқарма мүшесі – әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абай Қалықов сөз сөйлеп, 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңызына тоқталды. Ол Негізгі заңда айқындалған басты құндылықтар мен мемлекеттің алдағы даму бағыттарына назар аударды.
Кездесу барысында «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Зауре Қартова «Конституциялық жаңғырту және тарихи сабақтастық: Қазақстан дамуының жаңа бағдарлары» тақырыбында баяндама жасады. Ал «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Елена Цешковская тұрақты даму мен экологиялық үрдістер жөнінде ой бөлісті.
Баяндамаларда Конституциялық өзгерістердің қоғам өміріндегі орны, тарихи сабақтастық, экологиялық жауапкершілік және азаматтық белсенділік мәселелері сөз болды. Талқылау барысында бұл тақырыптардың университеттегі білім беру және тәрбие жұмысына да тікелей қатысты екені атап өтілді.
Университет ұжымы қала мен өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып, ел үшін маңызды бастамаларды талқылауға өз үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулер мен ашық пікір алаңдары жалғасын табады.
Saginov Technical University-де жаңа Конституцияның мәні талқыланды
[/su_custom_gallery]








