Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 13 өкілі China Aid бағдарламасы аясында Шихэцзы университетінде тағылымдамадан сәтті өтті.
Үш апта бойы қатысушылар «ШЫҰ елдерінде қытай тілін оқыту» және «ШЫҰ елдерінің энергетикалық ынтымақтастығы» бағыттары бойынша білім алып қана қоймай, Шихэцзы, Үрімші және Бейжің қалаларындағы жоғары оқу орындары, өндірістік кәсіпорындар мен мәдени мұра нысандарымен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан, Мысыр, Непал, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әріптестерімен тәжірибе алмасып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтты.
Тағылымдама кәсіби дамуға, халықаралық байланыстарды кеңейтуге және академиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Бағдарлама қорытындысы бойынша Тимур Қанапьянов, Татьяна Филиппова, Қаламқас Қалыбекова, Қарлығаш Нұржанова, Бағдат Байғараева, Гүлзада Тәженова, Айым Тойғамбекова, Сания Қантбекова, Ануар Омаров, Күралай Тоқметова, Виталий Баландин, Екатерина Биличенко және Ғалым Байдүйсенов сертификаттарға ие болды.
ҚарТУ жанындағы Конфуций институты делегацияның бағдарламаға қатысуын ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсетіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және мәдени ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ жобаға қатысушы мемлекеттер арасындағы халықаралық диалогты нығайтуға өз үлесін қосуды жалғастыруда





