24 маусым күні Басқарма Төрағасы – Ректор С. Сагинтаеваның төрағалығымен Saginov Technical University-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелеріне бойынша Басқарманың кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс барысында университеттің бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің осы бағытта атқарған жұмыстары қаралды. Мемлекеттік сатып алу бөлімі мен Стратегиялық даму департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мүдделер қақтығысының алдын алу және аталған келеңсіз құбылыстарға төзбеушілік қағидатын орнықтыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша Басқарма мүшелері құрылымдық бөлімшелердің атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп таныды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері университет басшылығының тұрақты бақылауында.



