«Қазақстан Республикасының колледждері мен жоғары оқу орындарында дене шынықтыру және спорт саласын оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану»


Осы тақырыпта Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Үздіксіз білім беру институтында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Курс барысында қатысушылар білім беру саласында жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлауда қолданылатын цифрлық құралдармен танысып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелерімен бөлісті.

Оқу бағдарламасы аясында жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне енгізу, білім алушылардың үлгерімін талдау және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мәселелері қарастырылды.

Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған тыңдаушылар кәсіби құзыреттерін жетілдіріп, алған білімдерін педагогикалық қызметінде тиімді қолдану мүмкіндігіне ие болды.

Без рубрики