4 маусым күні Saginov Technical University-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған флешмоб өтті.
Бұл атаулы мереке аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мазмұнды әрі есте қаларлық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Университетімізде профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттердің қатысуымен флешмоб өткізу игі дәстүрге айналған.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы аясында Әнұранның салтанатты орындалуымен басталды.
Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалыков университет басшылығы атынан қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтады.
– Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұранға құрмет көрсету арқылы біз Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарына тағзым етеміз, – деді ол. – Бұл рәміздер – егемен еліміздің айрықша белгілері ғана емес, халқымыздың тарихы мен болмысын айшықтайтын, ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын маңызды құндылықтар. Олар – мемлекетіміздің тұтастығы мен халық бірлігінің символы. Мемлекеттік рәміздер әрдайым бізді жаңа жетістіктерге жігерлендіріп, туған жерімізге, Отанымызға деген мақтаныш сезімін арттыра берсін.





