SDU University-де «Академиялық адалдық» лигасының отырысы өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сауле Саветовна Сагинтаева Алматы қаласындағы SDU University базасында өткен «Академиялық адалдық» лигасының кезекті отырысына қатысты.

Басқосу барысында академиялық адалдық қағидаларын білім беру жүйесінде тиімді іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Қатысушылардың ерекше назары студенттердің өндірістік тәжірибеден өту сапасын арттыру мәселесіне аударылды.

Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді аттестаттау рәсімдерін жетілдіру жолдары қарастырылды.

Оқу үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.

Студенттер контингентіне байланысты тәуекелдерді ерте анықтау бағыттары сөз болды.

Іс-шараға жоғары оқу орындарының ректорлары, академиялық саясат пен цифрландыру саласының мамандары, сондай-ақ комплаенс-қызметтерінің өкілдері қатысты.

Жиын аясында «Академиялық адалдық» лигасының Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, мектептер мен колледждерде академиялық адалдық қағидаттарын енгізу бағытында атқарып жатқан жұмыстары да айтылды.

Қатысушылар қоғамда академиялық адалдық мәдениетін нығайту маңызды міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті.

[/su_custom_gallery]

 

Без рубрики