Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие жұмысының қорытындылары мен алдағы оқу жылына арналған міндеттер, сондай-ақ тәуекелдерді басқару үдерісі және орнықты даму саясатын іске асыру мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абай Қалықовтың 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие жұмысының нәтижелері және жаңа оқу жылына арналған міндеттері туралы есебі тыңдалды.
Баяндамада университеттің тәрбие саясатын іске асыру нәтижелері қорытындыланып, жастар саясаты, студенттік өзін-өзі басқару және патриоттық тәрбие салаларындағы жетістіктер атап өтілді. Білім алушылардың бойында жоғары адамгершілік құндылықтарды, азаматтық жауапкершілікті және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Толық адам» тұжырымдамасын одан әрі енгізуге ерекше назар аударылды.
Жаңа оқу жылындағы басым міндеттердің қатарында «Толық адам» тұжырымдамасының құндылықтарын кеңінен насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі қағидаларын студент жастар арасында түсіндіру және дәріптеу бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыру белгіленді.
Ғылыми кеңес мүшелері тәрбие жұмысының қол жеткізілген нәтижелеріне оң баға беріп, атқарылған жұмысты қанағаттанарлық деп таныды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Тұрақты даму орталығының жетекшісі Ольга Шебалина «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ындағы тәуекелдерді басқару үдерісі және орнықты даму саясатын іске асыру туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, университет экономикалық тиімділікті әлеуметтік жауапкершілікпен және экологиялық тұрақтылықпен үйлестіре отырып, мүдделі тараптармен ашық әрі нәтижелі өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп келеді. Бұл халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштердің жақсаруы арқылы да көрініс табуда.
Ғылыми кеңес Тұрақты даму орталығының жұмысын қанағаттанарлық деп бағалай отырып, Корпоративтік басқару кодексі мен халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару және орнықты даму бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Отырысты қорытындылаған Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева университеттің стратегиялық дамуында қабылданған бағдарламалар мен жоспарлардың жүйелі орындалуының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарын цифрландыруды әрі қарай дамытуды тапсырды.
Ғылыми кеңесте қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты құрылымдық бөлімшелерге нақты міндеттер жүктелді.


